Канадада екі адамнан "Омикрон" штамы анықталды

Бірқатар мемлекет жаңа штамның таралуын болдырмау үшін Оңтүстік Африкамен әуе қатынасын үзді.

Канаданың Онтарио провинциясында Covid-19 вирусының "Омикрон" штамы екі адамнан анықталды, деп хабарлады өңір билігінің баспасөз қызметі.

"28 қараша күні Онтарио провинциясы Оттавада Covid-19 "Омикрон" штамының анықталғанын растады. Ол жуырда Нигериядан келген азаматтардан анықталған", – делінген үкімет хабарламасында.

Ауырғандар оқшауланды. Денсаулық сақтау министрлігі олармен байланыста болған азаматтарды бақылауда. Бұл штамм Канадада алғаш рет тіркеліп отыр.

Бұған дейін бірқатар мемлекет жаңа штамның таралуын болдырмау үшін Оңтүстік Африкамен әуе қатынасын үзген болатын.

Израиль мемлекеті 28 қарашадан бастап барлық шетелдік үшін шекарасының жабық болатынын мәлімдеді. Аталған ел азаматтары екпе алған болса, үш күн карантинде болады және ПТР-тест нәтижесін ұсынады. Ал вакцина алмаған болса, жеті күн карантинге жабылады. Израиль осыдан төрт апта бұрын ғана ұзақ локдауннан кейін өзінің шекарасын ашқан болатын.  

Марокко билігі де 29 қарашадан бастап шекарасын толықтай жапты.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".