Келер аптадан бастап барлық оқушы мектепке барып оқиды

КВИ жұқтыру тәулігіне 16 мыңнан екі мыңға дейін азайды.

14 ақпаннан бастап елдегі мектептер дәстүрлі режимде жұмыс істейді, деп мәлімдеді ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

"Бұған дейін "Омикрон" штамына байланысты елдегі эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлаған болатын. Қазір жағдай бақылауда. КВИ жұқтыру тәулігіне 16 мыңнан екі мыңға дейін азайды. Бұл жағдайдың дұрысталып келе жатқанының нақты көрсеткіші", – деді вице-премьер.

Мұнымен қатар, Ералы Тоғжанов елге шетелдік азаматтардың еркін кіріп шығуы бойынша нақты шаралар қабылданғанын мәлімдеді.

"Келесі дүйсенбі, 14 ақпаннан бастап, барлық мектепте оқуды офлайн режимге ауыстыруды жоспарлап отырмыз", – деді Ералы Тоғжанов.

Еске салсақ, биыл 225 жаңа мектеп ашылып, мектепке дейінгі ұйымдардың 30 мың орынмен толығатыны туралы хабарлаған едік.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".