Кеңес Рақышев ҚР бокс федерациясында қызмет етуді жалғастырады

Енді ол – федерацияның құрметті президенті. Бұған дейін бұл лауазымда Тимур Құлыбаев болған.

Кеңес Рақышев ҚР бокс федерациясының президенті қызметінен кеткеннен кейін федерацияның құрметті президенті болып қалғаны белгілі болды. Бұл туралы федерация сайтындағы өзгерістерден анықталды.

Кеңес Рақышевқа дейін федерацияның құрметті президенті лауазымына Тимур Құлыбаев ие болған еді.

Еске салайық, 5 ақпанда Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтіп, федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланды. Шахмұрат Мүтәліп 1990 жылы 18 қыркүйекте Алматы облысы Казцик ауылында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының магистрі, Куала-Лумпурдағы (Малайзия) Азия-Тынық мұхиты университетінде (APU) білім алған. 


Оқи отырыңыз: Кенес Ракишев покинул пост главы федерации бокса РК. Кто пришёл ему на смену?


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".