Қазақстан 2025 жылы киіктердің мүйізін шетелге сатуы мүмкін

Киік мүйіздерін шетелге сатуға рұқсат алу 2025 жылға жоспарланған.

Қазақстанда киік мүйіздерін сыртқа сату жағы қарастырылып жатыр. Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

"Киік мүйіздері фармацевтикадағы дәстүрлі компонент әрі Шығыс елдеріндегі, негізінен Қытайда дәрі-дәрмектердің құрамдас бөлігі саналады. Бүгінде киік мүйіздерін экспорттауға мүмкіндігіміз жоқ. «СИТЕС» сирек кездесетін жануарларды қорғау жөніндегі халықаралық ұйымы жекелеген жануарларды қолдануға (оның ішінде киік те бар) тыйым салды", – деді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Министр бүгінде Женевада киіктердің мүйізін пайдалануға тыйым салуды алып тастау туралы мәселе талқыланып жатқанын айтты. 

"Рұқсат алу мерзімі – 2025 жылдың басы. Бүгінгі таңда киіктердің санын реттеуден алған барлық мүйіз таңбаланып, «Охотзоопром» мамандандырылған кәсіпорнының арнайы үй-жайларында сақталады. Қазір киіктердің мүйіздерін сатпаймыз, бірақ болашақта киіктердің мүйіздерін сыртқы нарыққа сатуды жоспарлап отырмыз", – деді ол. 


Оқи отырыңыз: Ақмола облысында киіктерді аулау жұмыстары басталды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".