Қазақстан азаматтарының 250 миллион теңгесі шетелден қайтарылды

Қаржылық мониторинг агенттігі бұл нәтижеге заманауи блокчейн-аналитиканың көмегімен жетті.

Қазақстан азаматтарынан қаржы пирамидасына криптоактивтер арқылы заңсыз тартылған 250 миллион теңге шетелден қайтарылды.

Бұл туралы Қаржылық миниторинг агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, әлемдік тәжірибеде мұндай нәтижеге бірнеше ел ғана қол жеткізген. ТМД кеңістігінде алғашқы болып Қазақстан криптоактивтер арқылы заңсыз тартылған ақшаны қайтарды.   

"Агенттік заманауи IT-құралдарды пайдалана отырып, 2,5 ай ішінде қазақстандықтардың қаражатын криптовалютаға тартқан «Eolus» жоғары технологиялық қаржы пирамидасын жойды. Еліміздің 12 өңірінде (Алматы, Астана, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Орал, Көкшетау, Жетісу, Түркістан) 2,5 мыңға жуық салымшы тартылды. Елордалық ұйымдастырушы мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айырылды", – делінген хабарламада.  

Қазақстандықтардың қаржысын кедергісіз иемдену үшін пирамидыны ұйымдастырушылар көптеген транзиттік крипто әмиянды пайдаланған.

"Агенттіктің қызметкерлері заманауи блокчейн-аналитиканың құралдардын пайдалана отырып, барлық транзакцияны анықтап, қылмыстық кірістер ағылған негізгі әмияндарды тапты. Ұрланған қаражат Агенттіктің арнайы шотына аударылып, одан әрі жәбірленуші азаматтарға келтірілген залалды өтеу үшін пайдаланылады", – деп хабарлады агенттік.  

ҚМА қылмыстық активтерді қайтару және басқа да алаяқтық жобалар бойынша осы практиканы қолдануды жоспарлап отыр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".