"Қазақстан халқына" қорының білім беру грантын алуға тамызда өтінім беруге болады

Мектеп түлектерінің өтінімдері 10-17 тамыз аралығында, студенттерден 1-15 тамыз аралығында қабылданады.

"Қазақстан халқына" қоры 2022-2023 оқу жылына білім беру гранттары байқауының шарттарын жариялады.

Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алу ақысын төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге грант ала алмаған, ауылдық жерлердегі жағдайы төмен отбасылардан шыққан түлектерге, жетім балаларға және мүгедектігі бар балаларға шәкіртақы төленетін гранттар береді.

"Қазақстан халқына" қоғамдық қорының гранттары мен шәкіртақысына үміткерлер (түлектер) өзі таңдаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына 10 тамыздан бастап 17 тамыз аралығында өтінім береді.


Оқи отырыңыз: 2022 жылы білім гранты ірі кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға да беріледі


Сондай-ақ, қор ақылы бөлімде оқитын студенттерге қордың қаражаты есебінен оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. "Қазақстан халқына" қоғамдық қорынан грант пен шәкіртақы алу үшін студенттер 1 тамыздан бастап 15 тамыз аралығында Taiburyl қоғамдық бірлестігінің сайтында онлайн-өтінім береді.

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".