Қазақстанда бала туу жасы заңмен бекітілмек

Өткен жылы ЭКО-ның қызметіне 28 әйел жүгініп, оның жартысы босаныпты.

Қазақстанда бала туу жасы заңмен бекітілмек, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Демек, 15 пен 49 жас аралығы қыз-келіншектер "репродуктивті жаста" болып саналады.

Және бұл ұғым Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодесіне енгізіледі.

Бірақ "Информбюро" порталына жауап берген мамандар бала туу жасының болашақта нақты неге әсер ететіні жөнінде ашып айтпаған.

Ал Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 42 жастан кейін қыз-келіншектердің босануы қиындайды. Мұны клиникалық тәжірибе көрсеткен.

Мәселен, жыл сайын репродуктивті клиникаға 49 жастан асқан 25-30 әйел жүгінеді екен. Бұл әйелдер 10-12 жыл бұрын қатырып қойған жұмыртқа клеткасын қолданады немесе экстракорпоральды ұрықтандыру жасайды.

Өткен жылы ЭКО-ның қызметіне 28 әйел жүгініп, оның жартысы босаныпты.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".