"Ашық НҚА" порталында Қазақстан халқы Ассамблеясын 2026 жылға дейін дамыту концепциясының жаңа жобасы жарияланды.
Бұл құжатқа сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 122 мың адамды құрайды. Елдегі түрлі ұлт өкілдерінің пайыздық үлесі келесідей:
- қазақтар (69,03%);
- орыстар (18,47%);
- өзбектер (3,29%);
- ұйғырлар (1,5%);
- украиндар (1,3%);
- татарлар (1,06%);
- немістер (0,92%);
- түріктер (0,61%);
- кәрістер (0,57%);
- әзербайжандар (0,61%);
- дүнгендер (0,40%);
- белорустар (0,28%);
- тәжіктер (0,27%);
- күрдтер (0,25%);
- шешендер (0,18%);
- поляктар (0,15%);
- башқұрттар (0,09%);
- басқа этнос өкілдері – 1,04%.
Оқи отырыңыз: Қазақстан халқының этникалық құрамындағы қазақтардың үлесі 70 пайызға жетті
"Жалпы халық саны жөніндегі 2018-2021 жылдарға арналған статистика деректері ел халқының тұрақты ұлғаю үрдісін көрсетеді. Айталық, соңғы үш жылда елдегі халықтың саны 2,6 %-ға өсті" делінген құжатта.
Пікірлер