Қазақстанда қант тапшылығы аяқталды ма?

Жыл соңына дейін Еуразиялық экономиалық одақ елдерінен 168 мың тонна қант кіргізу жоспарлануда.

Қазір қант нарығындағы жағдай тұрақталды, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек үкімет отырысында.

"Жалпы айлық қажеттілік 52 мың тоннаны құраса, қазір 34 мың тонна қанттың қоры бар. Жалпы 350 мың тонна квотаның барлығы бөлінген. Оның 171 мың тоннасы игерілді. Қалған жойылған квоталарды қазір қайта бөлу үшін нормативтік-құқықтық актілер жобалар әзірленіп жатыр", – деді Әбілқайыр Тамабек. 

Сонымен қатар спикер 1 қыркүйектен бастап Ресей шектеу шараларын алатынын айтты. 

"Жыл соңына дейін Еуразиялық экономиалық одақ елдерінен 168 мың тонна қант кіргізу жоспарлануда. Сонымен қатар өзімізде өндірілетін қант қызылшасының есебінен 45 мың тонна өндіру жоспарланды. Осылай қант өндірісі мен импорт есебінен қант нарығын толтыру қажеттілігін қамтамасыз етеді деп сенеміз", – деді Әбілқайыр Тамабек.


Оқи отырыңыз: "100 пайыз үстеме бағамен сатқан". Қант таратудың қылмыстық схемасы ашылды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".