Қазақстанда зейнет жасындағы 9 мыңнан астам педагог қызмет етеді

Зейнет жасына жақындаған мұғалімдер саны – 6 600.

Бұл мәліметтерді Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова хабарлады.

"Қазақстанда 366 мыңнан астам педагог қызмет етсе, олардың ішінде зейнет жасындағы педагогтер саны 9 мыңнан астам. Зейнет жасына жақындаған педагогтер саны – 6 600. Бейіндік білім жоқ педагогтер саны 8 мыңнан астам. Сондай-ақ, 3 733 педагогке қажеттілік бар", – деді Гүлмира Кәрімова.

Оның айтуынша, педагогтерді аттестаттау ережелеріне өзгерістен енгізілген. Ұлттық біліктілікті тестілеу бойынша тест тапсырмалары қайта қарастырылып жатыр.

Комитет төрайымы алдағы 1 қыркүйектен бастап педагогтер тапшылығы байқалатын және білім сапасында айтарлықтай алшақтық анықталған өңірлерде үздік педгогтер мен жоғары оқу орындарының үздік түлектерін тарту мақсатында арнайы бағдарлама әзірленіп жатқанын атап өтті. 


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".