Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері қандай?

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді.

Базалық зейнетақы төлеуге – 96,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 210,4 млрд теңге жұмсалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 343 мың адам.

2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге.

"Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 85 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 105% белгіленеді", – деп жазылған хабарламада.

Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.


Оқи отырыңыз: Қазақстандағы ең жоғарғы зейнетақы сомасы қанша?


Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".