Қазақстанда жол құрылысына қатысты тың идеяларға байқау жарияланды

Байқау жеңімпаздары 12 сәуірде Ғылым күні қарсаңында анықталатын болады.

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты жол құрылысы саласындағы үздік инновациялық әзірлеме байқауын бастады. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бастама жас ғалымдардың, жол құрылысы мен инфрақұрылым саласына қызығушылығын арттыру және ынталандыруға бағытталған.

"Ғылыми мекемелердің, университеттердің, кәсіпорындар мен жеке зерттеушілерді осы шараға қатысуға және жол құрылысы мен инфрақұрылымды дамытуға үлес қоса алатынжастарды өздерінің инновациялық идеялары мен әзірлемелерін көрсетуге шақырамыз", – деп атап өтті "ҚазжолҒЗИ" ғылыми-зерттеу орталығының директоры Әсел Нұғманова.  

Байқау жеңімпаздары 12 сәуірде Ғылым күні қарсаңында анықталатын болады. 


Оқи отырыңыз: Қазақстанда 25 мыңнан астам жол белгілері жетіспейді


Өтінімдер 20 ақпаннан бастап 25 наурызға дейін қабылданады. Байқауға қатысу үшін qazjolgzi.kz ресми сайтына кіріп, "Ғылыми-зерттеу орталығы" бөліміне өтіп, берілген нысан бойынша қосымшаны толтыру қажет. Қосымша ақпаратты ресми сайттан немесе 8 (708) 888-80-18, 8 (775) 688-20-94 телефондары арқылы алуға болады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".