Қазақстандық пара хоккейшілер Астанада өткен B-pool әлем чемпионатында Финляндияны жеңді

Хоккейден қазақстандық құрама команда Астанада өткен әлем чемпионатында Финляндия құрамасын 6:1 есебімен жеңді.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, бірінші кезеңнің екінші минутында қазақстандықтар есеп ашып үлгерді. Алмас Ахметов команданы алға шығарды. Екінші кезеңде Бексұлтан Жәнібектархан мен Мақсат Мианов соққан екі голдың арқасында басымдық арта түсті.

Екінші кезеңнің басында: 26 минутта финдер Қазақстан қақпасына матчтағы жалғыз голын соқты.

Үшінші кезең Қазақстан құрамасы үшін ерекше болды. Алмас Ахметов дубль авторы атанды. Ал кездесудің соңғы голын 45-минутта команда капитаны Қуат Карипбаев соқты.


Оқи отырыңыз: Президент Қазақстан 2027 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге дайын екенін айтты.


Қазақстан құрамасының матчтағы үздік ойыншысы атағына Алмас Ахметов ие болды.

Қазақстан келесі кездесуін 10 қазанда Швеция құрамасымен өткізеді. Bpool хоккейден әлем чемпионаты 11 қазанға дейін жалғасады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".