Қазақстандықтардың жартысына жуығының қалтасы жазғы демалыс шығындарын көтермейді

Шетелде демалатындардың 40 пайызға жуығы Түркияны таңдаған.

OLX сервисі қазақстандықтар арасында жазғы демалысты өткізу жоспарлары туралы сауалнама жүргізді. Респонденттердің 40 пайызы қаржылық қиындықтарға байланысты жазғы демалысты жоспарламайтыны анықталса, 30 пайызы Қазақстан ішінде, ал 10 пайызы қаладан тыс жерде және тек 20 пайызы шетелде демалатынын айтып жауап берді.

Жазғы маусымда қазақстандықтардың арасында сұранысқа ие сыртқы туристік бағыт Түркия. Сұралғандардың 37% осы елде демалыс өткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Ресей (7%), Мысыр және Еуропа елдері (6%) де сұранысқа ие.

Ішкі туризмде қазақстандықтар танымал жер деп Алакөлді атаған. Сауалнамаға қатысқандардың 28 пайызы осы бағытта демалысқа аттанады. Сауалнама деректері бойынша, орташа статистикалық қазақстандық отбасы 2-4 адамнан тұрады. Орташа есеппен біздің отандастарымыз сыртқы туристік бағыттарға 1 млн теңгеден артық емес (75%) және ел ішінде 300 мың теңгеден артық емес демалысқа жұмсауға дайын (76%). 


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".