Қазақстанның қай өңірлерінде ана өлімі көрсеткіші жоғары?

Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 7 айда сәби өлімі көрсеткіші азаймай отырғанын атап өтті.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында ана мен бала өлім-жітіміне қатысты деректер келтірді. Министрдің айтуынша, Қазақстанда ана өлімінің көрсеткіші төмендеген.

"Биылғы алты айда ана өлім-жітімінің көрсеткіші 2,4 есе төмендеді. Дегенмен, әлі де жоғары көрсеткіштер Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында тіркеліп отыр", – деді министр.

Ажар Ғиният баяндамасына сәйкес, ана өлімінің басты себептері – акушерлік асқынулар (70%), соматикалық аурулар (30%). 

Министр ана өлімі көрсеткіші төмендегенімен, сәби өлімі көрсеткіші әлі де төмендемей отырғанына назар аударды.

"Биылғы 7 айда нәрестелердің өлім-жітімі азаймай отыр. Ең жоғары көрсеткіштер Шымкент қаласы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарында тіркелді", – деді Ажар Ғиният.

Министр баяндамасында салмағы 1000 граммға жетпейтін, шала туған сәбилер жиі шетінейтінін айтады. Жалпы сәби өлімі ішінде олардың үлесі 33 пайыз.

Сонымен қатар, Ажар Ғиният мединициналық ұйымдардың кадрлық әлеуетін нығайту үшін резидентура медицина кадрларын, оның ішінде акушер-гинеколог, неонотолог, анестезиолог, реаниматолог сияқты арнайы және тапшы мамандықтарды дайындауға гранттың саны 1500-ге дейін артқанын атап өтті.


Оқи отырыңыз:


 

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".