Қазан айынан бастап 2 миллион жасөспірім коронавирусқа қарсы екпе алады

Жыл басынан бері Қазақстанда 34 мың бала коронавирус жұқтырып, оның екеуі көз жұмған.

Қазан айынан бастап 2 миллион жасөспірім коронавирусқарсы екпе алады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, 12 мен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер ата-анасының немесе асыраушысының рұқсатымен ғана егіледі, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жасөспірімдерге салуға болатын әлемдегі жалғыз вакцина америкалық Pfizer Қазақстанға жылдың соңында әкелінеді деп жоспарланып отыр. Алексей Цой қазір мыңдаған азамат балаларына вакцина салғызуды сұрап отырғанын айтты. Өйткені, вирустың "Дельта" штамы тек ересектер ғана емес, балалар арасында да жылдам таралуда.

Дәл осы мутациялық вирустан Солтүстік Қазақстан облысында таяуда 1 жастан асқан бөбек қайтыс болды. Дәрігерлер кішкентай балаға вирус ата-аналарынан жұққанын хабарлады. Жыл басынан бері Қазақстанда 34 мың бала коронавирус жұқтырып, оның екеуі көз жұмған. Қазір 558 бала стационарлық ауруханада емделіп жатыр. Вирус жұқтырған жаңа туған 13 нәресте дәрігерлердің бақылауында болса, 4 сәбидің жағдайы ауыр.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жасөспірімдерге вакцина салу арқылы балалардың ғана емес, вакцинаға қарсы көрсетілімі бар ересектердің де өмірін сақтап қалуға болатынын мәлімдеді. Айта кетейік, Pfizer екпесі 12 жасқа толмаған балаларға салынбайды.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз:

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".