Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов дауыс берді

Әскери бөлімдер мен мекемелер аумағындағы 20 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.

Астана қаласындағы сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов дауыс берді.

Қорғаныс министрі президент сайлауына қатысу – барлық қазақстандықтың азаматтық міндеті екенін атап өтті. 

"Қазіргі уақытта әскери бөлімдер мен мекемелер аумағындағы 20 сайлау учаскесінде мерзімді қызметтегі сарбаздар мен курсанттар дауыс беріп жатыр. Қарулы күштерден барлығы 130 мыңға жуық әскери қызметші, азаматтық персонал және олардың отбасы мүшелері дауыс беруге қатысуда", – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Сайлау – қазіргі демократиялық мемлекеттің маңызды институты. Бұл процесте елдің әскери қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудің маңызды міндетін орындайтын әр әскери қызметшінің дауыс беруі маңызды, делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".