Қызылорда мектептерінің бәрінде қоңырау орнына қазақ күйлері ойнайды

Бірнеше жыл бұрын тәжірибе ретінде санаулы білім ошағында қолға алынған бастамаға бүгінде қала мектептері түгел қосылған.

Қызылорданың мектептерінде сабақ арасындағы үзіліс кезіндегі соғылатын қоңырау үнін қазақ күйлері алмастырды, деп хабарлады Aikyn басылымы

Қызылорда қаласында 50-ге жуық мектеп болса, бүгінде солардың бәрінде үзіліс кезінде күй ойналады. 

"Бұл игілікті бастама бұдан сәл ертерек, яғни, екі-үш жыл бұрын қолға алынған болатын. Осы арқылы жас ұрпақтың бойында рухани құндылығымызды жаңғыртып, ұлтжандылық асыл қасиеттерімізді тереңінен сіңіруіне үлкен негіз қаланды. Бүгінде өңірдегі білім ошақтарының барлығы дерлік қоңырау орнына күй ойнатып, жаңашылдыққа бет бұрды. Мұндай жаңашылдыққа жол бастайтын игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады", – дейді Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Бекбол Қаласов.


Оқи отырыңыз: 


Мұғалімдер мен оқушылардың таңдауы көбіне Балбырауын, Адай, Аққу, Ерке сылқым, Әлқисса, Көңілашар, Қош керуен, Дайрабай күйлеріне түседі. Күйлер белгіленген жоспарға сәйкес ауыстырылып отырады екен. 

"Бүгінде қала мектептерінің 100 пайызы қоңырау үнін күймен алмастырды. Күйлер белгіленген жоспарға сәйкес ауыстырылып отырады. Осының нәтижесінде ата-бабамыздан мұра болып жеткен асыл қазыналарымызды оқушылардың санасында жаңғыртып, ұлттық өнерімізді кеңінен насихаттауға мүмкіндік арта түсті", – дейді қалалық білім бөлімінің БАҚ-пен байланыс маманы Жарасхан Қуанышбайұлы.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".