Қызылорда облысында 3 жылқы ұрлап, етін сатқан қылмыстық топ ұсталды

Олар Қазалы ауданы мен Ақай ауылының тұрғындары болып шықты.

Қызылорда облысында жылқы ұрлап, етін сатқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

15 желтоқсан күні Қызылорда облысы Қазалы ауданының тұрғыны мал ұрлығы бойынша аудандық полиция бөліміне арызданған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде үш бас жылқыны ұрлап, етін Қазалы ауданы мен Төретам кенті, Ақай елді мекенінің тұрғындарына сатқан қылмыстық топ ұсталды. Олар Қазалы ауданы мен Ақай ауылының тұрғындары болып шықты.


Оқи отырыңыз: Айыппұл артып, жаза күшейсе де, Қазақстанда мал ұрлығы неге тыйылмай тұр?


Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы 1-бөлігімен (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктілер Қазалы ауданы полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ зат ретінде 16-калибрлі бір дана аңшы мылтығы, ет өнімдері және УАЗ-3163 Patriot автокөлігі тәркіленді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".