Қызылорда облысындағы ірі құс фабрикасы өртеніп, 4000 бөдене жанып кетті

Өрт Сырдария ауданы Бесарық ауылында болған.

Қызыл жалын таңғы төртте тұтанған. Лапылдап жанған отты өрт сөндірушілер бір жарым сағатта әрең ауыздықтады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Құс фабрикасының Ішінде адам болмаған. Бөдене өсірумен айналысатын кәсіпкер бір мезетте барынан айырылып, шығынға батты.

"Бөдене өсіретін құс фабрикасының толығымен өртеніп жатқаны анықталды. Қазіргі таңда өрттің көлемі 288 шаршы метрді құрайды. Ғимарат бір қабатты. Қазір өрттің шығу себебі мен шығын көлемі нақтыланып жатыр", – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Нұрсұлтан Ибрагимов.


Оқи отырыңыз: 2023 жыл қорытындысы: Ауыл шаруашылығын дамытуда қандай жобалар жүзеге асырылды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".