Қызылордада 17 акиік атқан адам ұсталды

Қылмыс орнынан 17 бас ақбөкеннің өлі денесі және 54 дана мүйізі табылған.

Қызылордада 17 ақбөкенді атқан облыс орталығының тұрғыны қолға түсті, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты "Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемесінің" мамандары "Охотзоопром ӨБ" РМКҚ қызметкерлерімен бірлесіп рейд жүргізген.

Фото: ҚазАқпарат агенттігі

"Кезекті іс-шара барысында Жалағаш ауданына қарасты Жырық атты скважина маңында "Тайота ланд крузер-100" автокөлігі күдік тудырды. Белгісіз тұлға оқиға орнынан ізін суытуға әрекеттенді. Көп ұзамай Жалағаш ауданына қарасты Қызылшын деп аталатын жерде оның көлігі өртенгені байқалды. Сол жерден барлығы 17 бас ақбөкеннің өлі денесі және 54 дана мүйізі табылды. Ол айғақ зат ретінде алынды. Жалағаш аудандық полиция бөлімімен бірлесіп, сол маңды қарау барысында Шақшақ деп аталатын мал ауылынан күдік келтірілген Қызылорда қаласының тұрғыны анықталды", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мамандары.

Ведомство мәліметінше, оқиға бойынша мән-жайды қарап, шара қолдану үшін құжаттар мен айғақ заттар Жалағаш аудандық полиция бөліміне өткізілді.


Оқи отырыңыз: Киік санын реттеуге қатысты ғылыми зерттеулер 1-2 жылға созылуы мүмкін


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".