Киік атып, киеден қорықпаған қылмыстық топ қолға түсті

Олардан 53 киіктің өлі денесі тәркіленді.

Қызылорда облысында құрыққа ілінген қылмыстық топтан 53 киік аңының өлі денесі, 12 мүйіз, ІІО-на тіркеуде жоқ 12 калибрлі аңшы мылтығы, пышақтар және жол талғамайтын екі автокөлік айғақ зат ретінде алынды, деп хабарлады Polisia.kz.

Сайт мәліметіне сәйкес, қылмыстық топқа үш адам мүше болған. Олардың бәрі – Қызылорда облысының тұрғындары. Топ киік жануарын заңсыз аулап, оның мүйізі мен етін тасымалдап, сақтап, өткізіп, қылмыстық жолмен пайда табумен айналысқан.

Топ мүшелерінің бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалып, қажетті сараптамалар тағайындалған.

"Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен  сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр" деген сайт хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".