Киік санын реттеуге қатысты ғылыми зерттеулер 1-2 жылға созылуы мүмкін

Оған дейін жануар популяциясына қатысты ешқандай шешім қабылданбайды.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев президент сынынан кейін Қазақстанда киіктер популяциясын реттеу мәселесі қалай шешілетіні туралы түсініктеме берді.

Оның айтуынша, алдағы уақытта терең ғылыми зерттеулер жасалады. Яғни киіктердің көші-қон жолдары, тіршілік ету ортасы, жем-шөп базасы зерттеледі.

Министр киік саны ұдайы артып отырмайтынын айта келе, белгілі бір санға жеткеннен кейін олардың арасында жем-шөп үшін өзара бәсекеге басталатынын түсіндірді. –

"Ішкі бәсеке жануардың өзін әлсіретеді. Бірақ, жалпы тарихи тұрғыдан алсақ, Кеңес заманында киіктердің популяциясын реттеу тәжірибесі болды", – деді Серікқали Брекешев.

Министрдің сөзінше, киік популяциясына қатысты ғылыми зерттеулер 1-2 жылға созылуы мүмкін. Ал оған дейін киіктердің популяциясын реттеу немесе пайдалану туралы шешім қабылданбайды.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".