Киіктердің санын анықтау мақсатында 200 сағат әуе санағы жүргізіледі

2022 жылғы санақ нәтижесі бойынша еліміздегі киік саны 1,3 млн басты құрады.

15 сәуірден бастап Қазақстан аумағындағы киіктердің санын анықтау мақсатында әуе санағы жүргізіледі, деп хабарлайды орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі. 

"Киіктерді санауға "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылған", – делінген хабарламада. 

Санақ тобы екіге бөлінген – бірі бетпақдала популяциясында, екіншісі – Орал және Үстірт популяцияларында санақ жүргізіеді. Есепке тікұшақпен 200-ге жуық ұшу сағаты қарастырылған.


Оқи отырыңыз: Қазақстанға Амур жолбарыстарын әкелуге дайындық қалай жүріп жатыр? Фоторепортаж


Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы санақ нәтижесі бойынша еліміздегі киік саны 1,3 млн басты құрады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".