Кірісі мен шығысын тексеруге келісім бермеген азаматтар енді атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды

Қазақстанда атаулы көмек беру тәртібі өзгереді.

Атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібін трансформациялау жоспарланып отыр. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына жауап берген премьер-министр Олжас Бектенов хабарлады. 

Оның сөзінше, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес азаматтардың кірістері мен шығыстары негізінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қайта қарау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 

"Отбасының цифрлық картасын мемлекеттік органдардың жүйелерімен интеграциялау негізінде атаулы әлеуметтік көмек трансформациясы жоспарланған. Ұсынылып отырған алгоритм атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтініш берген азаматтарға олардың кірістері мен шығыстарын тексеруге келісім алуға SMS-хабарлама жіберуді көздейді", – делінген Үкімет басшысының жауабында. 

Олжас Бектенов атап өткендей, тексерулер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен автоматты түрде жүргізіледі. 

"Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тетігі шын мәнінде мұқтаж адамдарды анықтап, мемлекет тарапынан нақты қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік кодекске тиісті түзетулер әзірледі. Олар мүдделі мемлекеттік органдармен келісуден өтуде", – деді Олжас Бектенов.


Оқи отырыңыз: Биыл 350 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".