Көкшетаудағы мектептердің бірінде дәретханаға бейнебақылау камерасы орнатылды

Білім бөлімінің өкілдері бұл шара қауіпсіздік үшін жасалғанын айтады.

Көкшетаудағы мектептердің бірінде дәретханаға бейнебақылау камерасы орнатылды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бірақ бұл бастамаға ата-аналардың көбі қарсы. Олар бізден ешкім рұқсат сұрамады деп отыр.

Камералар N6 мектеп-лицейіндегі тек ұл балаларға арналған дәретханаға қойылған екен. Білім бөлімінің өкілдері бұл шара қауіпсіздік үшін жасалғанын айтады.

Себебі, әжетханада төбелес, әлімжеттік жиілеген. Оған қоса, мүлікті қирату деректері де азаймай тұр дейді мамандар. Осы тәртіп бұзушылықтың алдын алу үшін бейнебақылау камераларын орнатуға мәжбүр болдық деп отыр. Сонымен қатар құрылғы тек дәретхананың дәлізін ғана түсіреді екен. Сондықтан уайымдауға негіз жоқ. Ал ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Алдында бірнеше оқиға болған. Баланың құқық бұзушылығы. Қазіргі таңда біз видео бәрін қарап шыққан кезде камералар тек әжетхананың кіреберіс жағын, қол жуатын жерді, есікті түсіреді. Ал жеке балалардың кабинкалары бейнеге түспейді", – деді Көкшетау қаласы білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нажмиден Нұралин.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".