Көлгінов тоғызқұмалақ пен асық атуды мемлекеттік қаржыландыру мәселесін қарастыруды тапсырды

Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша, Қазақстанның бұл салада әлеуеті зор.

Мемлекет қаржыландыратын спорт түрлерінің қатарына тоғызқұмалақ пен асық атуды қосу ұсыныстары да түсіп жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру саласындағы негізгі міндеттерге арналған кеңейтілген алқа отырысында айтты.

"Алдымызда дәстүрлі спортты балалар арасында дәріптеп, ұрпағымызға дұрыс тәрбие беру міндеті тұр. Осы мақсатта білім беру ұйымдарында дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті компонент қолданысқа енгізілді. Қазақ күресі мемлекеттік спорттық тапсырыс шеңберінде қаржыландырылатын спорт секцияларының қатарына қосылды. Мемлекеттік спорттық қаржыландырылатын спорт түрлерінің қатарына тоғызқұмалақ пен асық атуды қосу ұсыныстары да түсіп жатыр. Министрлікке мұны да қарауды сұраймыз. Бұл салада Қазақстанның әлеуеті зор", – деді Алтай Көлгінов.


Оқи отырыңыз: "Жүрегіме тыныштық пен бақыт сыйлайды". Шабандоз Аружан Тоқтарбекпен сұхбат


Алтай Көлгіновтің айтуынша, бүгінгі күні Қазақстанның 500 мыңнан аса азаматы ұлттық спорт түрлерімен айналысады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".