Көлгінов жатақхана тапшылығы туралы: Ректорлар студенттерге жағдай жасауға мүдделі болуға тиіс

Вице-премьердің айтуынша, жатақхана мәселесі уақытылы шешілмесе, жағдай ушыға түспек.

Жоғары оқу орындарының ректорлары студенттерге жағдай жасауға мүдделі болуға тиіс, деді премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов ректорлар мен жатақхана салуға ат салысып жатқан кәсіпкерлердің қатысуымен өткен кеңесте

"Республикада студенттер жатақханаларының тапшылығы жыл сайын артып келеді. Егер бұл мәселе уақытылы шешілмесе, ол тек ушыға түспек. Жоғары оқу орындарының ректорлары студенттерге жағдай жасауға мүдделі болуға тиіс. Ал Үкімет тарапынан инвесторларға жан-жақты көмек көрсетіледі. Алматыдағы жобалық кеңсе басқа өңірлерге үлгі болуға тиіс", – деді премьер-министрдің орынбасары.

Алтай Көлгінов жатақхана тапшылығы мәселесі бюджет есебінен ғана емес, инвесторларды тарту арқылы да шешілетінін атап өтті. Сондықтан жаңа жатақханалар салуға, бар жатақханаларды реконструкциялауға және ғимараттарды студент жатақханасына айналдыруға ниет білдірген инвесторларға барынша көмек көрсету қажет. Вице-премьер әрбір жоба бойынша жол картасын әзірлеуді, жобалық кеңсенің жұмысына сәулет және құрылыс саласы мамандарын тартуды тапсырды.

Сонымен қатар кеңесте төсек-орны аз жатақханаларды субсидиялауды қолға алу, ғимараттарды жатақханаға айналдыру кезінде мемлекеттік қолдау көлемін 92-ден 230 АЕК-ке дейін арттыру ұсынылды.


Оқи отырыңыз: Бір оқушы үшін – 920 мың теңге. Мектеп не жатақхана салған кәсіпкер мемлекеттен қанша қаржы алады?


Айта кетейік, республика бойынша жатақханадағы төсек-орын тапшылығы 70 мың орынды құрайды. Оның 30 мыңнан астамы – Алматы қаласында.

Жатақхана мәселесінен бөлек, Алтай Көлгінов резидентураға гранттар санын 70 пайызға арттыруды жоспарлап отыр:  

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".