Көлігіне қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілерге 69 мың теңге айыппұл салынады

Көлігінің дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілер 17 250 мың теңге көлеміндегі айыппұл арқалайды.

Жыл мезгіліне сәйкес көлігінің дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілерге 5 айлық есептік көрсеткіш яғни, 17 250 мың теңге көлеміндегі айыппұл салынады, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Талап екінші рет бұзылса, айыппұл мөлшері 69 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Мәселен, бұған дейін Алматы әкімдігі 31 қазаннан 1 қарашаға ауған түні жолдарда мұз қатуы мүмкін деп ескерткен. Астана әкімдігі бір апта ішінде қар жаууы ықтимал деп мәлімет таратқан болатын. Мамандар мегаполистерден бөлек, өзге өңірлердегі автокөлік иелері де қысқы маусымға уақтылы дайындалуға тиіс екенін айтуда.


Оқи отырыңыз: Айыппұлды көбейту жол-көлік апаттарын азайта ма? Заңгер пікірі


Қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызы зор. Қар түскенін күтпей-ақ, жазғы дөңгелектерді қысқыға алмастыру керек. Олай етпесе – қомақты айыппұл арқалайды

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".