Көлік жүргізушілері енді міндетті сақтандыру полисін цифрлы түрде ала алады

Бұл азаматтарға құжатты мобильді қосымша арқылы электрондық форматта көруге, сондай-ақ оның дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.

Цифрлық құжаттар сервисі тағы бір қажетті құжатпен толықтырылды. Енді көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисін де цифрлы түрде алуға болады, деп хабарлады Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Сақтандыру полисі – көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың міндетті түрі бойынша сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы шарттық қатынастардың дерегін растайтын құжат.

"Басқа цифрлық құжаттармен ұқсастығы бойынша "сақтандыру полисі" қағаз құжатпен қатар заңды күшіне ие және сақтандыру компаниясы, сақтандыру полисінің мерзімі және тағы басқа да ақпаратты қамтиды. Осы цифрлық құжаттағы барлық мәліметтер "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ ақпараттық жүйесімен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы көрсетіледі. Министрлік халыққа ыңғайлы болу үшін құжаттарды цифрландыру жұмысын жалғастырады", – деді цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.


Оқи отырыңыз: Зейнетақы қорының қызметтерін цифрлық куәлік арқылы алуға болады


Бұл азаматтарға құжатты мобильді қосымша арқылы электрондық форматта көруге, сондай-ақ оның дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, мемлекеттік кредиттік бюроның ақпараты бойынша, 2022 жылы 6 млн-нан астам сақтандыру полисі берілген.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".