Конституциялық сотқа қаңтарда Астана мен Алматы тұрғындары көбірек жүгінген

Өтініштердің 17 пайызы зейнетақы саласына қатысты.

Қаңтар айында Конституциялық бақылау органына 800-ден астам өтініш түсті, деп хабарлады Конституциялық соттың баспасөз қызметі.

Ең көп өтініш Астана және Алматы қалаларының, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының тұрғындарынан қабылданған.

Өтініш берушілердің басым бөлігі (36%) әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істер бойынша шығарылған сот актілерімен келіспей шағымданған. Кейінгі кезекте – зейнетақы саласына қатысты өтініштер (17%). Ал құқықтық актілердің Конституцияға қайшы келетін тұстарына шағым саны 14 пайызды құрады.

Бұлардан бөлек, аталғандармен қатар, азаматтардан еңбек және тұрғын үй заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру, ақпаратқа қол жеткізу және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы нақты жағдайларға байланысты өтініштер түскен.


Оқи отырыңыз: Конституциялық сот Елбасы туралы заңның күші жойылды деп тану жөнінде қаулы шығарды


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".