Костенко шахтасындағы апаттан қаза тапқандар саны 35-ке жетті

11 кеншіні іздеу жалғасып жатыр. 

Костенко атындағы шахтада болған апаттан қаза тапқандар саны 35-ке жетті. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"29 қазан сағат 9.00-дегі ақпарат: қазіргі уақытта 35 адамның денесі табылды, олардың 29-ының денесі жер бетіне шығарылды. 11 кеншіні іздеу жалғасып жатыр. Авариялық-құтқару жұмыстарына "Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушыларының 10 бөлімшесі жұмылдырылды. Газ жағдайын бақылау жалғасып жатыр", – деп жазылған хабарламада. 

28 қазан күні "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына тиесілі шахтада жарылыс болды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке компаниямен инвестициялық серіктестікті тоқтатуды тапсырды.

Мемлекет басшысы 29 қазанды елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездесіп, көңіл айтты.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".