"Күн сайын 10 адам қаза табады". Жол апатының негізгі себептері қандай?

Ведомстволық деректерге сәйкес, тек өткен аптада ғана 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Жыл басынан бері жол апатынан 1 мыңнан астам адам қаза тауып, 8 мыңнан астам адам жарақат алды, деп хабарлады ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Жандос Мұратәлиев.

"Күн сайын еліміздің жолдарында 10-ға жуық адам қаза тауып, 70-ке жуық адам түрлі дене жарақаттарын алады. Ведомстволық деректерге сәйкес, тек өткен аптада ғана 200-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелген. Онда 50-ге жуық адам қаза тауып, 200-ден астам адам жарақат алған", – деп атап өтті Жандос Мұратәлиев.

Ведомство өкілі кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қатысуымен болатын оқиғалар ерекше алаңдаушылық тудыратынын атап өтті. Айтуынша, жыл басынан бері 2 мыңға жуық бала түрлі жарақат алып, 90-нан астам адам қайтыс болған.

Жол апаттарын талдау барысында олардың негізгі себептері анықталған. Олар:

  • жылдамдық режимін асыру;
  • маневр жасау ережесін бұзу;
  • қарама-қарасы жүріс жолағына шығу;
  • аударылу;
  • жаяу жүргіншілерді басып кету.

Оқи отырыңыз:

Қандай жол-көлік оқиғасы кезінде полиция шақырмаса болады?

Айыппұлды көбейту жол-көлік апаттарын азайта ма? Заңгер пікірі

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".