Курсант әскери оқу орнын аяқтамаса, әскерге шақырыла ма?

Бір жылдан көп уақыт оқыған курсант әскерге шақырылмайды.

Әскери оқу орнының курсанты оқудан шығып кетсе, не болады? ҚР Қарулы күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы, полковник Бауыржан Артықов түсіндірді.

"Егер курстант әскери институтатта бір жылдан астам уақыт оқып, оқудан шығып кетсе, сол оқу орныныің басшылығы бір жылдық оқуын әскерден өтті дегенмен санап, қолына әскери құжатын беріп, жергілікті орындағы әскери комиссариатқа тіркеуге қояды. Ол одан кейін әскерге шақырылмайды, резервте тұрады", – деді полковник.


Оқи отырыңыз: Қорғаныс министрлігі: Әскерге бармау үшін алаяқтарға ақша беретіндер бар


Ал курсант бір жылдан аз уақыттың ішінде оқудан шығып кетсе, заң бойынша ұлттық ұланда әскери қызмет мерзімін бір жылға толтыруы қажет. Әскери билетін алғаннан кейін ғана тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұруы керек. Бауыржан Артықов мұны Қазақстандағы әскери борышын өтеу мерзімінің бір жыл болуымен түсіндірді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".