Ләззат Сүйіндік Орталық сайлау комиссиясының мүшесі атанды

Комиссия мүшесі Анастасия Щегорцова қызметінен кетті.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясындағы ауыс-түйіс жалғасып жатыр. Сенат депутаттары ОСК мүшесі Анастасия Щегорцованы қызметтен босатып, оның орнына Ләззат Сүйіндіктің кандидатурасын мақұлдап дауыс берді. 

Ләззат Сүйіндік – "Болашақ" стипендиясымен Ұлыбританияда білім алған. Ақпарат министрлігі мен "Хабар" агенттігінде басшылық қызметтер атқарған. 

Сондай-ақ, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін ауыстырды

Сәбила Мұстафина мен Константин Петровтың орнына Азамат Айманакумов пен Михаил Бортник ОСК мүшесі болып сайланды.

Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы – Республика сайлау комиссияларының біртұтас жүйесіне басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы. Комиссияға жеті адам мүше, оның төрағасы – Нұрлан Әбдіров.


Оқи отырыңыз: Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының құрамын жаңартты


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".