Лотереяларды құмар ойындар қатарына енгізу ұсынылды

Лоторея билеттерін сату тәртібі заңға енгізіледі.

"Қазақстанда лотереяларды да құмар ойындар қатарына енгізу керек". Парламентаризм институтының өкілдері осындай ұсыныс айтты, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Олар лотерея билеттерін сату тәртібін заңға енгізуді де қолға алу маңызды деп отыр.Қазір электронды билеттер терминалдар немесе онлайн платформаларда сатылады. Ал азаматтар осы жүйелерді ойын автоматтары сияқты пайдаланып, ойынға тәуелді болып қалған. Институт өкілдері мұның онлайн казинолар секілді құмар ойындардан айырмашылығы жоқ екендігін айтты.


Оқи отырыңыз: "Бәрін сатып жібердім". Құмар ойынға салынған әйелдің хикаясы


Операторлардың лотерея билеттерін интернет арқылы сатуына толықтай шектеу қоюды ұсынды. Әрі лотерея ойындарының тәулігіне 24 сағат ұйымдастырлуына да тыйым салынуы мүмкін. Институттың келтірген дерегі бойынша, елімізде жылына 1 миллион адам лотерея билетін сатып алады екен. Ал, лотерея операторларының сауда айналымы 356 миллиард теңгеге жеткен.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".