Лукашенко: Беларусь Украина аумағындағы әскери операцияға қатыспайды

Беларусь елінің оңтүстігін қорғау мақсатында Ресей әскерлері тобының бір бөлігі орналасқан.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Беларусь армиясының Украина аумағындағы соғыс қимылдарына қатысуы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады "БелТа".

"Таңғы сағат 5-те Украинаның Ресей мен Беларусь елімен шектесетін мемлекеттік шекарасында Ресей әскері тарапынан жасалған шабуылға Беларусь қолдау көрсеткен" дегенді оқыдым. Біздің әскеріміз бұл операцияға қатыспайды", – деді Александр Лукашенко.

Таңертең Лукашенко Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен.

"Ол маған жағдайды егжей-тегжейлі түсіндірді. Оның сөзінше, операцияның мақсаты біреу: Донецк және Луганск облыстарындағы халық геноцидін тоқтату", – деді Александр Лукашенко.

Алексей Лукашенко Владимир Путинге оқу-жаттығуларға келген әскерилердің бір бөлігін Беларусьте қалдыру туралы ұсынысты өзі жасаған. Оған украиндық бөлімшелердің Беларусь шекарасына қарай жылжуы себеп болған. Путин бұл ұсыныспен келіскен.

 

 

Алайда, Украинаның Мемлекеттік шекара қызметі шекараға тек Ресей ғана емес, Беларусь те шабуыл жасағанын хабарлаған еді.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".