Магистратураға тест тапсырған 149 адамның емтихан нәтижесі жойылды

Тест тапсырғандардың 43 пайызы ғана шекті балл жинады.

Магистратураға кешенді тестілеу басталғалы 23 мыңға жуық адам емтихан тапсырса, олардың 43 пайызы шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 73 балл. Ең жоғары балл – 130. Бұл аралық мәліметтерді Ғылым және жоғары білім министрлігі жария етті.

Тестілеу басталғалы 149 қатысушының нәтижесі жойылған. Оның ішінде 92 адам смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысса, тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 57 адам шығарылған.

"Ұлттық бірыңғай тестілеудегі секілді Кешенді тестілеуге кіргізу үш деңгейлі жүйе бойынша жүзеге асырылады: Face ID жеке басын сәйкестендіру арқылы, жеке куәлік бойынша, сондай-ақ отырғызу орнында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Қабылданған шаралар арқасында тестілеуде бөгде тұлғалар анықталған жоқ", – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.


Оқи отырыңыз: Магистратура мен докторантураға түсу бойынша 8 маңызды сұраққа жауап


Еске салайық, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 43 мыңға жуық өтініш қабылданды. Ал магистратурада оқуға бөлінген грант саны 13 мыңнан астам.

Биыл магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу 10 тамызға дейін жалғасады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".