Шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаты бар тұлғалар магистратураның кешенді тестілеуінің шет тілі бойынша сынағынан босатылады, деп хабарлайды ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметі.
Ағылшын тілі:
- IELTS Academic – кемінде 6,0;
- TOEFL IBT – кемінде 60;
- TOEFL PBT – кемінде 498.
Неміс тілі:
- DSH – Niveau С1/C1 деңгейі;
- TestDaF-Prufung – NiveauC1/ C1 деңгейі.
Француз тілі:
- TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес;
- DELF – B2 деңгейі;
- DALF – C1 деңгейі;
- TCF – кемінде 50 балл.
Оқи отырыңыз: Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде 2 жылға ашу керек
"КТ-ға тіркелу кезінде сертификаттың барын және балын белгілейсіз. Сертификаттары бар тұлғаларға білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде, сондай-ақ ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде 50 балл есептеледі", – делінген хабарламада.
Пікірлер