Магистратураға кешенді тестілеуге өтініш қабылдау басталды

Өтініштер 18 қарашаға дейін қабылданады. Кешенді тестілеу 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді.

Ұлттық тестілеу орталығы магистратураға түсуге үміткерлер үшін кешенді тестілеуге өтініштер қабылдау мерзімі басталғанын хабарлады. Өтінішті 18 қарашаға дейін app.testcenter.kz сайтында өткізу қажет.

Еске салайық, 2021 жылдан бері магистратура мен докторантураға қабылдау жылына екі мәрте жүргізіледі.

Биылғы магистратураға арналған екінші кешенді тестілеу 28 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өтеді. Ұлттық тестілеу орталығының ескертуінше, 2022 жылы бірінші кешенді тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін тестілеуге жіберілмеген талапкерлер, сондай-ақ нәтижелері жойылғандар қайта кешенді тестілеуге қатыса алмайды. Ал жазда өткен тестілеуге қатысқандардың сертификаты биылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.

Үміткерлер ғылыми-педагогикалық магистратура бойынша кемі 75 балл, ал бейінді магистратура бойынша 50 балл жинауы қажет.

Кешенді тестілеуге қатысу құны – 11 020 теңге. Өтініш берген үміткерлерге тестілеу уақыты мен орны 22 қарашада хабарланады.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".