Мағзұм Мырзағалиев президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Мазұм Мырзағалиев. Фото: Informburo.kz
Мазұм Мырзағалиев. Фото: Informburo.kz
Кеңесші қызметінен Болат Ақшолақов босатылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің кеңесшілерінің бірін ауыстырды, деп хабарлады Ақорда. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында. 

Бұл қызметті атқарған Болат Оралұлы Ақшолақов лауазымынан босатылды.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы 7 қарашада Алматыда дүниеге келген.  

Ол әр жылдары экология, геология және табиғи ресурстар министрі, энергетика министрі, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы, президент кеңесшісі қызметтерін атқарды. 


Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев ҚР Президенті әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".