Маңғыстау облысында қызыл кітапқа енген итбалықтар жаппай қырылып жатыр

Мамандар су жануарының 300-ге жуық өлексесін тапқан.

Маңғыстау облысында қызыл кітапқа енген итбалықтар жаппай қырылып жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Мамандар су жануарының 300-ге жуық өлексесін тапқан. Итбалық ұшасы дауылды желден кейін Түпқараған ауданындағы Каспий жағасына шығып қалған болатын.

Мамандар итбалықтан токсикологиялық, гистологиялық және вирусологиялық сынамалар алған. Ал қазір өлекселерді жою жұмыстары жүріп жатыр.

Дегенмен Гидробиология және экология институтының қызметкерлері Каспий теңізінің жағалауында әлі де мониторинг жүргізетін болады. Ал итбалықтардың қырылу себебі зертханалық тексеруден соң жарияланады.

"Итбалықтың зертханаға зерттеу үшін тістері, ішкі құрылыстары және тырнақтары алынып жатыр. Оның нәтижесі бойынша алдағы уақытта қорытындысы хабарланады. Сонымен қатар бұл итбалықтар жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен бір жерде көміліп жойылып жатыр", – деді Маңғыстау облысы балық шаруашылық басқармасының басшысы Арман Молдашев.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".