Маңғыстау және Түркістан облыстарына баратын үздік ұстаздарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі

Бұл шаралар аталған аймақтарда білім беру сапасы бойынша үлкен алшақтықты азайтуға бағытталған.

Биыл кемінде 70 мың педагог жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді, деп мәлімдеді ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.

"Сондай-ақ Маңғыстау, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарында мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында осы өңірлерге педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама іске асырылады. Оларға жоғары жалақы коэффиценті, баспана жалдау және коммуналдық төлемдер шығындарын өтеу сынды айтарлықтай әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Бұл шаралар аталған аймақтарда білім беру сапасы бойынша үлкен алшақтықты азайтуға бағытталған", – деді Шолпан Каринова.

Мұнымен қатар, вице-министр колледждерге қажет оқулықтарды қазақ тіліне аудару жұмыстарының жүріп жатқанын айтты.

Еске салсақ, биыл колледжде тегін техникалық және кәсіптік білім алатындар санының 21% артатыны туралы хабарлаған едік. 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".