Мәулен Әшімбаев: Референдумға азаматтарды мәжбүрлеп қатыстыру саясаты жоқ

Сенат спикері дауыс беруге әйелі және қызымен бірге келген.

Қазақстандықтар таңдауды өзі жасайды. Референдумға мәжбүрлеп қатыстыру саясаты жоқ, деп мәлімдеді ҚР парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев. 

"Бұл жолғы референдумның 1995 жылғы референдумнан жөні бөлек. Саяси шара ашық әрі демократиялы түрде өтіп жатыр. Халық өз ойын ашық білдіре алады. Сынай да алады. Референдумға азаматтарды мәжбүрлеп қатыстыру саясаты жоқ. Таңдауды өздері жасайды", – деді Мәулен Әшімбаев. 

Сондай-ақ, сенат төрағасы бүгін отбасы мүшесінің алғаш рет дауыс беруге қатысып жатқанын бөлісті. 

"Референдумға жұбайым және қызыммен келдім. 18 жасқа толған қызым алғаш рет дауыс беріп жатыр. Сенат мүшелері референдум өтеді деген сәттен бастап жұмысқа қызу кірісті. Әріптестерім өңірлерді аралап, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді", – деді ол.


Оқи отырыңыз: "Қазақстан" арнасында "Референдум" онлайн марафоны басталды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".