Мәжіліс депутаттары қайғылы оқиғада қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды

10 қаңтар Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланған.

Бүгін Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Бюро отырысы өтті, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 қаңтарда елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялануына орай, депутаттар қайтыс болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин барлық депутаттар атынан еліміздің бірқатар өңірлерінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан қаза тапқандардың жақындары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".