Мәжіліс депутаты жұмысшы жастардың баспана мәселесін тағы көтерді

Дәулет Мұқаевтың айтуынша, жастардың жалдамалы пәтерде тұру мерзімін ұзарту керек.

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев Үкімет басшысының орынбасары Қанат Алдабергеновке депутаттық сауал жолдап, жұмысшы жастардың баспана мәселесін көтерді. 

Оның айтуынша, 2019 жылдан бері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жалдамалы пәтерге орныққан жастардың саны 10 мыңға жуықтаған. 


"2019 жылы баспана алған жастардың баспананы босатуына да аз уақыт қалды. Бүгінде мегаполистердегі жастардың далада қалу қаупі жоғары. Тағы бір қосарым, өткен жылы берілу керек пәтерлер Алматы қаласының жастарына әлі дер берілмеді. Нақты тізім, нәтиже шықпады", – деді Дәулет Мұқаев.


Оқи отырыңыз: Дәулет Мұқаев "Жас отбасы" ипотекасының бастапқы жарнасын 10 пайыздан асырмауды сұрады


Ол, сондай-ақ жастардың тиімді баспана алуына жағдай жасау керектігіне тоқталды. 

"Кемі 10 пайыздық бастапқы жарнамен өздері тұрып жатқан баспанасын сатып алуға мүмкіндік беру мәселелесін қарастыруды қайта сұраймын. Сонымен қатар,  пайыздық мөлшерлемесі де 5%-дан аспауы тиіс. Немесе жалдамалы пәтерде тұру мерзімін ұзарту керек", – деді депутат.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".