Медициналық ЖОО студенттерінің шәкіртақысы жыл сайын 20% артады

ДСМ 2023 жылы резидентура гранттарының санын 2 500-ге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің дерегінше, 2022 жылы республикалық бюджеттің есебінен 4 700 білім беру гранты бөлінген. Оның 1 500-і резидентураға арналса, биыл грант санын 2 500-ге дейін өсіру көзделген.

Сондай-ақ, медициналық ЖОО студенттерінің шәкіртақысы жыл сайын 15 және 20 пайыз артады.

"2025 жылға дейін шәкіртақыны жыл сайын 15% және 20%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл жақсы оқуға қосымша серпін береді және біздің ЖОО-ларға мықты талапкерлерді қосымша тартады", – дейді ДСМ ҒАРД директоры Дәулет Алдыңғұров.

Оның айтуынша, президент пен Amanat партиясының тапсырмасы бойынша шәкіртақы айтарлықтай артқан. Мысалы, бакалавриат үшін ол 2 есеге жуық, интерндерде 25%-ға, резиденттерде, магистранттарда, докторанттарда 2021 жылы 15%-ға өсті.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".