Мектеп оқушыларының ораза ұстағаны дұрыс па?

ҚМДБ ата-анадан балиғат жасына жетпеген балаларды ораза ұстауға мәжбүрлемеуді сұрайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желілер мен мектеп мұғалімдерінің Whatsapp чаттарында ораза ұстаған оқушылардың оқу үлгерімі мен денсаулығы жайлын талқыланып жатқан мәселеге қатысты түсініктеме берді. 

"Біріншіден, шариғатымыз бойынша балиғат жасына жетпеген жас балаға ораза ұстау – парыз емес. Балиғатқа толмаған жас балаға құлшылық жасау, оның ішінде ораза ұстау міндеттелмеген. Екіншіден, балиғатқа және кәмелетке толмаған жас баланың ораза ұстау кезінде оның ағзасында әлсіздік, дәрменсіздік пайда болуы мүмкін", – деді ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.


Оқи отырыңыз:


Ол ораза кішкентай бүлдіршіннің денсаулығына кері әсер етіп, толыққанды білім алуына кедергі келтіруі мүмкін екенін айтып, ата-аналарға осы мәселеге аса көңіл бөлуге кеңес берді.

"Кез келген құлшылық, оның ішінде ораза толыққанды білім алуға, тиянақты жұмыс істеуге кері әсер етпеуі керек. Оразаны себеп етіп, әркімнің өзіне жүктелген жауапкершілігіне немқұрайлы қарауына болмайды. Өйткені, әр адам сауап амалды өзі үшін орындайды. Сондықтан ата-анадан балиғат жасына жетпеген балаларды ораза ұстауға мәжбүрлемеуді сұраймыз", – деді ҚМДБ өкілі.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".