Мектеп түлектері ҰБТ-да қандай қателіктерді жиі жасайды?

Талапкердің сұрақты жазып алып, аудитория сыртына алып шығуына тыйым салынады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 5 маусымға дейін жалғасады. Талапкерлер жиі жіберетін қателіктер туралы ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев "Басты тақырып" бағдарламасында айтты.

Оның айтуынша, талапкер ҰБТ-ға өзімен қалам ғана алып кіруге болады. Қалған заттардың барлығына тыйым салынады. 

"Тестілеу кезінде үзіліс беріледі. Сол үзілісте кейбір оқушылар сұрақ жауабын білгісі келіп, қолына немесе қағазға жазып алады. Сондай оқиға орын алса, нәтиже бірден жойылады. Тағы бір жиі кездесетін қателіктердің бірі –  ҰБТ аяқталған соң шығарда қағазға сұрақтарын жазып, алып шығады. ҰБТ-ға қаламмен кіргендіктен, тек сонымен ғана шығу керек", – деді Руслан Емелбаев.

 

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".