Мемлекет басшысы Бағдат Мусинге: Премьер-министрді ұятқа қалдырып отырсыз

Сурет: Informburo.kz
Сурет: Informburo.kz
Тоқаев министрдің жұмысына көңілі толмайтынын айтып, ескерту жасады.

Президент цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің ұлттық деректер банкін құру жөніндегі жұмысына қанағаттанбайтынын айтты.

"Үкімет ұлттық деректер банкін құру жұмысын созбалаңға салу себебін баяндауға тиіс. Цифрландыру ісі баяу жүргізілуде. Менің ойымша, нашар. Есеп комитетінің сынына ұшыраған "Зерде" ұлттық холдингінің жұмысын жақсартуды тапсырған едім. Цифрландыру жұмысының кураторы ретінде премьер-министр осы мәселеге баса мән бергені жөн. Министрге ескерту жасаймын. Сіздің жұмысыңызға көңілім толмайды. Премьер-министрді ұятқа қалдырып отырсыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Оқи отырыңыз: Президент: Балабақшаларды лицензиялау – мемлекетке емес, қоғамға қажет шара


Еске салсақ, мемлекет басшысы бұған дейін сауда және ауыл шаруашылығы, экология министрлеріне сөгіс жариялаған еді. 

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".